Фото: Ақорда
Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінің директорын тағайындады, деп хабарлайды Ult.kz.
"Мемлекет басшысының өкімімен Нұржан Маратұлы Құсайынов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінің директоры лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.
Бұған дейін Қазақстанда Антикор таратылып, ҰҚК құрамына қосылғанын жазғанбыз.
