27 қыр, 2025 сағат 13:29

Президент Тоқаев Түрікменстан халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедовке құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ult.kz.

Президент жеделхатында Сердар Бердімұхамедов пен барша түрікмен халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтап, бауырлас елге ізгі тілегін білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы ынтымақтастықтың даму қарқыны жоғары екенін атап өтті. Оның айтуынша, бірлескен күш-жігердің арқасында мазмұны байып келе жатқан өзара ықпалдастық стратегиялық серіктестік рухына және қос халықтың мүддесіне толық сай келеді.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы сан қырлы мемлекетаралық байланысты жан-жақты нығайтуға дайын екенін растады. Ол Сердар Бердімұхамедовке жауапты мемлекеттік қызметінде табыс, ал бауырлас түрікмен халқына игілік пен өсіп-өркендеу тіледі.