Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Елена Рыбакинаны Уимблдон турнирінің финалына шығуымен құттықтады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Елена Рыбакинаны теннистегі ең беделді жарыс саналатын Уимблдон турнирінде табысты өнер көрсетуімен құттықтаймын. Ол финалға шықты!» - деп жазды Президент әлеуметтік желіде.
Айта кетейік, Қазақстанның бірінші, әлемнің 23-ракеткасы Елена Рыбакина Уимблдон турнирінің финалына шыққан болатын. Қазақстандық теннисші жартылай финалда әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасы, «Үлкен дулыға» турнирінің екі мәрте чемпионы (Франция ашық чемпионаты – 2018, Уимблдон – 2019), қазіргі кезде рейтингіде 18-сатыда тұрған румыниялық Симона Халеппен кездесіп, жеңіске жетті.