Фото: Ақорда
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мысырда жанама келіссөздер барысында қол жеткізілген Газа секторындағы қақтығысты тоқтату және тұтқынға алынған адамдарды босату туралы келісімді қолдайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Ult.kz.
Президент Мысыр, Қатар, Түркия елдерінің араағайындық қызметінің табысты болғанын атап өтті. Сондай-ақ, Таяу Шығыста бейбітшілік орнату жөніндегі келіссөздерге АҚШ тарапының, оның ішінде Президент Дональд Трамптың ерекше үлес қосқанын жоғары бағалады.
