09 қар, 2025 сағат 15:38

Президент Тоқаев Елена Рыбакинаны WTA финалындағы тарихи жеңісімен құттықтады

Фото: Getty Images

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев теннисші Елена Рыбакинаны Эр-Риядта өткен WTA қорытынды турниріндегі жарқын жеңісімен құттықтады. Мемлекет басшысы спортшының жоғары деңгейдегі шеберлігін, табандылығы мен ерік-жігерін ерекше атап өтті, деп хабарлайды Ult.kz.

«Сіз теннистен жыл қорытындысы саналатын беделді жарыста шеберліктің озық үлгісін көрсетіп, асқан ерік-жігердің арқасында жеңіске жеттіңіз», – делінген Президенттің құттықтауында.


Тоқаев Рыбакинаның жеңісі еліміздегі теннистің дамуына, жастар арасында спорттың бұл түрін дәріптеуге зор үлес қосқанын айтып, оның жетістігін жоғары бағалады.

Осыған орай Мемлекет басшысы спортшыны ІІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойғанын жеткізді.

Президент Елена Рыбакинаға зор денсаулық, бақ-береке және Қазақстанның әлемдік спорттағы абыройын арттыра беретін жаңа жеңістер тіледі.