Фото:Ақорданың ресми сайтынан
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Париждегі жазғы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатына қатыспайды, деп хабарлайды "Ұлт Ақпарат".
"Президенттің жұмыс кестесі бойынша ол Париждегі Олимпиада ойындарының ашылу салтанатына қатыспайды", - деп атап өтті Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли.
Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев 27 шілдеге дейін қысқа мерзімді демалыста, ал Олимпиаданың ашылу салтанаты 26 шілдеде өтеді.