10 қаз, 2025 сағат 10:39

Президент «Орталық Азия – Ресей» ректорлар форумын Қазақстанда өткізуді ұсынды

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев білім және ғылым саласындағы ықпалдастықты тереңдету мақсатында «Орталық Азия – Ресей» форматындағы алғашқы ректорлар форумын Қазақстанда ұйымдастыруды ұсынды, деп хабарлайды Ult.kz.

Президент жоғары білім беру жүйелерінің байланысы күшейіп келе жатқанын атап өтті.
Бүгінде:

  • Қазақстанның 60 университеті Ресейдің 50 жоғары оқу орнымен серіктестік орнатқан;

  • Ресейде 60 мыңнан астам қазақстандық студент білім алуда;

  • Қазақстанда Ресейдің 9 жетекші университетінің филиалы жұмыс істейді;

  • Сонымен қатар Қазақстандық жоғары оқу орындарының филиалдары Бішкек, Ош, Ташкент қалаларында ашылған.

  • Омбы мемлекеттік университеті базасында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ филиалының ашылуы – Ресейдегі алғашқы шетелдік ЖОО өкілдігі болды.

Тоқаев цифрландырудың да маңызын атап өтті. Ол «Орталық Азия – Ресей» бірлескен цифрлық кітапханасын және онлайн-білім беру платформасын құруды ұсынды. Бұл платформа арқылы университет курстары, дәрістер және архивтер ортақ қолжетімді болады.

Мемлекет басшысы әріптес елдерге ғылым-білім саласындағы сындарлы ынтымақтастық үшін алғыс білдірді.