20 мам, 2024 сағат 14:36

Президент мінген тікұшақтағылардың бәрінің денесі табылды


Фото: tasnimnews


Иран президентінің тікұшағындағылардың барлығының денесі табылды, деп хабарлайды «Ұлт ақпарат» inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.


"Президенттік тікұшақ апатынан қаза тапқандардың барлық денелері апат орнынан жедел жәрдем көліктеріне жеткізіліп, Табризге жеткізіледі... Қаза тапқандардың денелерін іздеу жұмыстары аяқталды", - деді Иранның Қызыл Жарты Ай қоғамының басшысы Пир Хосейн Коливанд.


Тікұшақ бортында: Иран президенті Ибрахим Раиси, Сыртқы істер министрі Хоссейн Амир Абдоллахиян, иранның шығыс Әзірбайжан провинциясының губернаторы Малик Рахмети және Табриз провинциясының аятолла Али Хашим болды.