12 шіл, 2024 сағат 18:05

Президент Біріккен Араб Әмірліктерінің Қазақстандағы елшісін қабылдады


Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы БАӘ-нің Қазақстандағы елшісі Мұхаммед Саид Мұхаммед әл-Арикиді қабылдады. Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада өткен ШЫҰ саммитіне Біріккен Араб Әмірліктерінің өкілді делегациясының қатысқаны үшін алғыс айтты.

Мемлекет басшысы еліміз БАӘ-мен көпжақты ынтымақтастықты дамытуға ерекше мән беретінін атап өтті.

Кездесуде бұған дейін жоғары деңгейде қол жеткізілген сауда-экономика және инвестиция салаларындағы уағдаластықтарды жүзеге асыру барысы талқыланды.

Сондай-ақ Қазақстан мен БАӘ арасындағы стратегиялық инвестициялық жобалар туралы бірлескен декларация аясындағы жұмыстарды жалғастыру қажет екеніне назар аударылды.

Сонымен қатар энергетика және көлік-логистика, ақпараттық технологиялар мен жасанды интеллект салаларындағы ынтымақтастық перспективалары қарастырылды.