Фото: Ақорда
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыға жұмыс сапарымен келді, - деп хабарлайды «Ұлт ақпарат».
Сапар барысында Президент әуежайдың жаңа терминалын аралап көреді және басқа да бірқатар нысанға барады.
Сонымен қатар Мемлекет басшысы ғалымдармен, бизнес өкілдерімен, халықаралық ұйымдардың басшыларымен кездесулер өткізеді.