Фото: telegram/Jagdai
Алматы облысында жаяу жүргіншілер өткелінде баланы көлік қағып кетті, деп хабарлайды Ult.kz Jagdai телеграм арнасына сілтеме жасып.
Жол-көлік оқиғасы 8 желтоқсанда Көксай ауылындағы Арай көшесінде болды. Бала жаяу жүргіншілер өткелі арқылы жолдан жүгіріп өтіп бара жатқан сәтінде жеңіл автокөлік қағып кеткен.
Туыстарының айтуынша, зардап шеккен бала ауруханаға өз күштерімен жеткізілген, ал полиция оқиғаны бірден тіркемеген.
Баланың жақындарының сөзінше, көлік жүргізушісі қысым көрсетіп, шағымнан бас тарту туралы өтініш жазуды талап еткен. Отбасы баланың анасы көпбалалы екенін және балаларды жалғыз өзі тәрбиелеп отырғанын атап өтті.
Полиция өкілдері жүргізушінің әрекеттерінен кінә белгілері байқалатынын мәлімдеді. Зардап шеккен баланың емі аяқталғаннан кейін сараптама жүргізіліп, заңда көзделген шаралар қабылданады.
