26 қыр, 2024 сағат 15:51

Полицейлер көшеде түкіріп, қоқыс тастаған Алматы тұрғындарын көрсетті

Алматы полициясының қызметкерлері қалада түкірген және қоқыс тастаған мегаполис тұрғындарының бейнежазбалар жиынтығын жасады. 

Ішкі істер министрлігінің Polisia.kz ақпараттық медиа-порталында операторлар адам көп жиналатын орындарда, сондай-ақ тұрғын үйлердің аулаларында және халық аз қоныстанған орындарда орнатылған камераларды тәулік бойы қадағалап отыратынын хабарланды.

"Көптеген жосықсыз азаматтар дәл осыны күтеді: олардың тротуарға темекі тұқылын лақтырғанын ешкім байқамайтын сияқты, алайда іс жүзінде заң бұзушылықтар үшін бейнетіркеу жүйесі оларды жауапкершілікке тартуға мүмкіндік береді", - дейді Алматы полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының басшысы Серік Шумаев.


Айта кетейік, ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабына сәйкес, ұсақ бұзақылық, атап айтқанда, қоғамдық орындарда әдепсіз сөздер айту, жеке тұлғаларды қорлау және басқаларды сыйламаушылықты білдіретін, қоғамдық тәртіп пен адамдардың тыныштығын бұзатын осыған ұқсас әрекеттер: 20 АЕК (55, 3 мың теңге) көлемінде айыппұл; немесе бес тәуліктен 15 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алу көзделген.