Фото: ашық дереккөз
Петропавлдағы Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы академиясында бірінші курс курсанттары төбелес шығарды. Жанжалға 41 адам қатысқан, деп хабарлайды Ult.kz.
Бұл туралы ақпарат жергілікті пабликтердің бірінде пайда болды. Жанжалдасқандардың арасында осы оқу орнында оқып жатқан Тәжікстан Республикасының азаматтары да бар.
Бұл фактіні ҚР Ұлттық ұланы академиясының баспасөз қызметі растады.
"Петропавлдағы Ұлттық ұлан академиясында болған бірінші курс курсанттары арасындағы қақтығыс фактісі бойынша тексеріс жүріп жатыр. Оқиға нәтижесінде бірнеше курсант жеңіл дене жарақаттарын алған. Оларға тиісті медициналық көмек сол жерде көрсетілді, ауруханаға жатқызу қажеттілігі болмады. Қазіргі уақытта оқиғаның себеп-салдары анықталып жатыр", – деп жауап берді баспасөз қызметінен.