Фото: ашық дереккөз
Петропавл қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде оқушының терезеден құлап кету фактісі бойынша тексеру басталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Ult.kz.
Оқиға 17 ақпан күні кешке болған. Алдын ала мәліметке сәйкес, мектептің 12-сынып оқушысы белгісіз жағдайларда үшінші қабаттағы терезеден құлаған. Оқиға сабақтан кейін, оқушы тұрған бөлмеде болған. Қазіргі уақытта өз-өзіне қол салуға әрекет жасау нұсқасы да қарастырылуда.
Солтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, науқастың жағдайы тұрақты ауыр деп бағалануда.
Қазіргі таңда жасөспірім жансақтау бөлімінен травматология бөліміне ауыстырылған.
Мектеп ішінде қызметтік тексеру басталды. Ал Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаменті аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын хабарлады.
