24 сәу, 2024 сағат 10:25

Петропавлда ер адамның үстіне қабырға құлап қаза болды


Фото ©️ Tengrinews.kz


Петропавлда жеке үйді бұзу кезінде ер адамды қабырға басып қалып, мерт болды, - деп хабарлайды «Ұлт ақпарат»  Tengrinews.kz - ке сілтеме жасап.


Оқиға 23 сәуірде түс ауа болған. Ер адамның үстіне бұзылып жатқан қабырға құлаған.


"23 сәуірде сағат 15:00-де Петропавлдағы Партизанская көшесінде 49 жастағы ер адамды қабырға басып қалғаны туралы телефон хабарламасы келіп түсті, ол оқиға орнында қаза болды", - деп түсіндірді облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.


Ведомствоның баспасөз хатшысы Мәдина Ерғалиеваның айтуынша, бұл дерек "Тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу" бабы бойынша соталды тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілген.