Фото: Википедия
Солтүстік Қазақстан облысы әкімі Ғауез Нұрмұхамедов үкімет кулуарында Петропавл қаласының атын ауыстыру туралы айтты.
Әкімнің сөзінше, қала атауын ауыстыру күн тәртібінде тұрған өзекті мәселе емес.
"Бұл сұрақ дәл қазір өзекті емес. Себебі одан да маңызды әлеуметтік мәселелер, экономикалық дамуға қатысты мәселелер бар. Мен бұл сұрақ мүлдем көтеріліп жатқан жоқ дей алмаймын. Ауыстыру керек деп ойлайтындар да бар. Сондай-ақ әлі уақыты келген жоқ деп ойлайтындар да бар", - деді ол.
Қаланың тарихи атауын ауыстырудың саяси астары жоқ екенін айтты. Сондай-ақ БАҚ өкілдері осы сұраққа қатысты жеке көзқарасын сұрады.
"Біз бірінші кезекте тұрғындардың ойын зерделейміз. Егер адамдардың көбі қала атауын өзгертуді қолдаса, біз қарастырамыз",- деді әкім.