14 шіл, 2025 сағат 14:19

Перизат Қайрат сотта Бауыржан Байбектің атын атады


Коллаж: Ult.kz

Сотталушы Перизат Қайрат сотта Алматының бұрынғы әкімі мен бұрынғы "Нұр Отан" (қазіргі Amanat) партиясы төрағасының бұрынғы орынбасары Бауыржан Байбектің атын атады, деп хабарлайды Ult.kz.

«Қор құрылтайшыларынан жауап алудан бастауды сұраймын. Себебі айыптау актісі мені қорды анаммен бірге құрып, олардың қолын қойған деген айыптаудан басталады. Қор партия құрамында Бауыржан Қыдырғалиұлы Байбектің басшылығымен құрылған. Құрылтайшылардың бірі бұрын, енді бірі партияда қазірге дейін қызмет етеді», – деді ол сот отырысында.


Еске салайық, Бауыржан Байбек партияны 2019 жылдың 29 маусымы мен 2022 жылдың 2 ақпаны аралығында басқарды.

Айта кетейік, тергеу мәліметтері бойынша, Перизат Қайрат "biz birgemiz" қорын құру кезінде құрылтайшылардың қолтаңбаларын қолдан жасаған.

Судья айыпталушылар мен жәбірленушілердің өкілдерін тыңдады, нәтижесінде процесті дәлелдемелерді зерттеуден бастау туралы шешім шығарды, содан кейін айыптаудың әр эпизоды бойынша талдау жүргізді.

Сондай-ақ, прокурорлар Перизат Қайраттың жоғары білімі жоқ екендігі туралы да ақпарат берді. 

Естеріңізге сала кетейік, Перизат Қайрат пен оның анасы  Ғайни Алашбаева 3,5 млрд теңге жымқырды деп айыпталуда.  

Сот отырысы ішінара жабық өтуде.