Фото: twitter/Flightradar24
АҚШ Өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелосидің Тайваньға ұшқан ұшағын әлемнің түкпір-түкпірінен шамамен 2,92 миллион адам тамашалады. Бұл туралы Flightradar24 - әуекемелерінің жағдайын нақты уақыт режимінде бақылауға мүмкіндік беретін сервис хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігі.
АҚШ Өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелоси мінген SPAR19 рейсі Куала-Лумпурдан ұшып шыққаннан бастап Flightradar24-те белсенді рейстер ішінде ең көп қадағаланған рейс болды.
Тайбэйге қонған кезде SPAR19-ды бүкіл әлем бойынша 708 000-нан аса адам бақылап отырған, бұл Flightradar24 тарихындағы ең көп бақыланған тікелей рейс болды. Куала-Лумпурдан Тайбэйге дейінгі жеті сағат ішінде рейсті 2,92 миллион адам бақылаған.
Еске салайық, 2 тамызда Пелоси ұшағы Тайвань әуежайына қонған болатын. Сондай-ақ, АҚШ Өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелоси Тайваньға келгеннен кейін жазбаша мәлімдеме жасады. Онда аралға сапары "Тайвань демократиясын" қолдаудағы "Американың адалдығы" екенін айтты.
1603 рет оқылды