Педофилдерге өлім жазасы кесілуі мүмкін. Мәжіліс депутаты, бала құқықтары жөніндегі уәкіл Зағипа Балиева осылай деді. Айтуынша, балаларға зәбір көрсеткендер әуелі заң аясында жазаланады.
Astana TV-ның хабарлауынша, мәжілісмен бұларға қатысты заң әлсіз екенін мойындайды. Осыған орай алдағы уақытта құжатқа тағы да өзгерістер енгізілмек. Егер осыдан кейін де қылмыс қатары азаймаса, өлім жазасын қолданамыз, - деп қосты депутат.
Зағипа Балиева, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшесі:
Заңды қатаңдату керек. Себебі қазір оннан он бес жылға дейін түрмеге жібереді. Меніңше, бүкіл өмірге түрмеге жабу керек. Бүгін Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Ақтауда зорланған 6 жасар қыздың жағдайы әлі де ауыр екенін айтты. Көп қан жоғалтқан сәби есін жиған жоқ. Жақында ол санавиациямен Астанаға жеткізілген болатын.