Павлодар полицейлері жедел жәрдем қызметкерлерінің көшедегі адамды ұрып-соққаны түсірілген видеоны тексеріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.7
Павлодарда түсірілген видео әлеуметтік желілерде таралған болатын. Видеодағы кадрлардан жедел жәрдем қызметкерінің жерде жатқан адамды ұрып жатқаны көрінеді. Кейінірек ол тағы бір әріптесімен ер адамды жолдың бойына итеріп тастап, әрі қарай ұрып соғады.
Өтіп бара жатқан адамдар мұны тоқтатпақ болады, бірақ, видеоға қарағанда, жедел жәрдем қызметкері олардың айтқанын тыңдамаған да. Видео соңында қызметкер жерде жатқан ер адамды өзімен бірге алып кетеді.
Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл деректің тіркелгенін және қазіргі уақытта қызметкерлердің оны тексеріп жатқанын хабарлады.
"Осы дерек бойынша тексеріс жүріп жатыр", - деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметі.