26 мам, 2025 сағат 09:04

Павлодарда ұзындығы 691 метрлік көпір салынып жатыр

Фото: ms11.ru

Павлодар облысында Ертіс өзенінің үстінен ұзындығы 691 метрлік еліміздегі алғашқы экстрадозды көпір салынып жатыр. Қазіргі таңда көпірге қажетті алты тіректің төртеуі орнатылды, деп хабарлайды Ult.kz облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жаңа көпір төртжолақты болады. Ол 60 жылдан астам уақыт бойы қолданыста келе жатқан апатты жағдайдағы ескі көпірдің қасына салынып жатыр. Жобаны іске асыру жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға, көлік қатынасын жақсартуға мүмкіндік береді. 

Құрылысқа 220 маман мен 61 арнайы техника жұмылдырылған. Жаңа көпір ескі көпірден 5 метр биік болады. Бұл Ертіс өзеніндегі кеме қатынасы қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Сонымен қатар көпірге заманауи бақылау жүйесін орнату жоспарланып отыр.