18 жел, 2023 сағат 21:30

Павлодарда өрт сөндірушілер жанып жатқан пәтерден баланы алып шықты

Фото: Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Павлодарда өрт сөндірушілер жанып жатқан пәтерден баланы құтқарды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" облыстық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

18 желтоқсан сағат 15:28-де 101 пультіне пәтердегі өрт туралы хабарлама түскен.

"Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің қызметкерлері мен апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері дереу оқиға орнына келді. Ермак көшесіндегі үш қабатты үйдің үшінші қабатында екі бөлмелі пәтер өртеніп жатқаны анықталды. Ауданы 10 шаршы метр жерде үй заттары мен жиһаздар отқа оранған.

Пәтерде әжесімен бірге қалған 2015 жылы туған бала болды. Әжесі дүкенге азық-түлік сатып алуға шығып кеткен. Газ-түтіннен қорғау қызметінің қызметкерлері автосаты орнатып, балкон арқылы баланы құтқарды. Оны апаттық медицина орталығының қызметкерлері тексерді" - делінген хабарламада.

Департамент мәліметінше, бала жеңіл түрде уланғандықтан ауруханаға жатқызылмаған. 

Ал өртті сөндіруге 6 бірлік техника мен 21 қызметкер қатысқан. Өрт сағат 15-58 толық жойылған.