21 там, 2025 сағат 15:38

Павлодарда қайтыс болған донор екі пациентке жаңа өмір сыйлады

Фото: ҚР ДСМ

Павлодар қаласының №1 қалалық ауруханасында 44 жастағы тұрғыннан қайтыс болғаннан кейінгі көп ағзалық донорлық операция жасалды, деп хабарлайды Ult.kz.

Республикалық орталықтың үйлестіруімен өткен рәсім нәтижесінде жүрек пен бүйрек сәтті алынып, күту парағындағы екі пациентке трансплантацияланды.

Операцияға Ұлттық ғылыми онкология орталығы мен «UMC» корпоративтік қорының трансплантологтары қатысты. Донор отбасының келісімі мен дәрігерлердің үйлесімді жұмысы арқасында екі адамның өмірі сақталды.

Қазіргі таңда елімізде 4 384 пациент ағза күту парағында тұр. Оның ішінде:

  • 3 890 ересек және 90 балаға — бүйрек,

  • 201 ересек пен 21 балаға — бауыр,

  • 25 ересек және 2 балаға — өкпе,

  • 143 ересек пен 6 балаға — жүрек,

  • 4 ересек пен 2 балаға — «жүрек-өкпе» кешені қажет.

Бұл жағдай Қазақстанда қайтыс болғаннан кейінгі донорлық пен трансплантология мәдениетін дамытудың өзектілігін көрсетті.