20 мау, 2025 сағат 12:47

Павлодарда дауыл салдарынан 1 адам қаза тауып, 16 адам жарақат алды

Павлодар облысындағы дауылдың салдарынан 1 адам қаза тауып, 16 тұрғын түрлі дене жарақатын алған.

Оның үшеуі бала. Желдің жылдамдығы секундына 43 метрге дейін жетіп, өңірдегі 38 елдімекенде кеше жарық өшті.

Дүлей дауыл айналасы бір сағатқа жетер-жетпес уақытта құйындай соғып, жолындағысын жапырып жіберді. Қатты желдің кесірінен Екібастұздың энергия торабында 500 кВ тоқ жеткізетін желі істен шықты.