Фото: Polisia.kz
Павлодарда 11 млн теңге көлемінде айыппұлы бар жүргізуші анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
29 жастағы жүргізуші шамамен 11 млн теңге көлемінде айыппұл төлемеген. Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері бұл жүргізушіні академик Сәтбаев көшесінде ұстады.
"Рейд жүргізу кезінде Павлодарда БМВ 745 автокөлігі тоқтатылды. Базаны тексеру кезінде жүргізушінің төленбеген айыппұлдары бар екендігі анықталды. Бұл жүргізушіні сот орындаушылары іздеп жүр. Полицейлер жүргізушіге салынған әкімшілік айыппұлдарды уақытылы өтеу туралы түсіндірді", – дейді Павлодар облысы ПД бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.
Полиция 4-14 желтоқсан аралығында “Жазаның бұлтартпастығы” қағидатын орындау мақсатында Павлодар облысының аумағында “Борышкер” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатқанын атап өтті.
"Көрсетілген кезеңде төленбеген айыппұлдар бойынша 254 борышкермен түсіндіру сұхбаты өткізілді, әрқайсысына жауапкершілік туралы ескертілді. Олар қазірдің өзінде 6 млн теңгеден астам қарызын төледі.
Қорғау мен Кибер – шерифтің бейнетіркеу жүйелерімен 149 сәйкестік тіркелді, автокөліктер арнайы айыппұл тұрақтарына қойылды. Жүргізушілер өз айыппұлдарын өтегеннен кейін ғана көліктерін ала алады" - делінген хабарламада.