Фото: durov/ instagram
Telegram әлеуметтік желісі мен мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуров 6 қыркүйекке қараған түні өзінің арнасында Францияда ұсталғаннан кейінгі алғашқы жазбасын жариялады.
Жазбасында ол өз оқырмандарына қолдау көрсеткені үшін алғысын білдіріп, француз полициясы оны төрт күн бойы тергегенін айтты.
Полицияның айтуынша, Дуров "басқалар тарапынан Telegram-ның заңсыз пайдаланылуына жауапты", сондай-ақ оның құрған әлеуметтік желісінің әкімшілігі "билік сұраныстарына жауап бермеген".
Дуров өзіне қойылған айыптарды "күтпеген жағдай" деп атады, ал жағдайды "таңғаларлық" деп сипаттады. Оның жазбасында айтылғандай, "Telegram-ның Еуроодақта сұраныстарға жауап беретін ресми өкілі бар", өзі де "Францияда терроризм қаупімен күресу үшін Telegram жедел желісін құруға жеке өзі көмектескен" және осы уақыттың ішінде "француз билігінің бірнеше жолы болған".