Фото: parlam.kz
Бүгін VIII сайланған Парламенттің төртінші сессиясы жұмысын бастайды. Сол үшін каникулдан оралған депутаттар Парламент палаталарының бірлескен отырысын өткізеді.
Алқалы жиын сағат 11:00-ге белгіленген.
Депутаттар 2 ай бойы өңірлерді аралап, сайлаушылармен кездесті. Ел-жұрттың билікке сауалдары мен ұсыныстарын өз аузынан естіп, өңірлердегі шынайы жағдайды көздерімен көріп қайтты.
