09 там, 2024 сағат 10:38

Парижде 10 мың жанкүйер Демеу Жадыраевқа қошемет көрсетті

Фото: ҰОК

Франция астанасы Париж қаласында жазғы Олимп ойындарының аясында атлеттерге құрмет көрсету кеші өтті. Оған әр құрамадан жеңіске жеткен жүлдегерлер іріктеп алынды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Kazinform ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. 

Фото: Тұрар Қазанғапов/ҰОК

Қазақстан ұлттық олимпиада комитеті таратқан мәліметке сенсек, біздің командадан бұл салтанатты шараға 77 келіде грек-рим күресінен күміс медаль иегері Демеу Жадыраев қатысқан. 

"Сәлем, Париж! Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Демеу Жадыраев чемпиондар саябағындағы атлеттерді құрметтеу кешіне қатысты. Францияда біздің спортшымызды 10 мыңнан аса адам күтіп алып, қошемет көрсетті!", - дейді комитеттен. 


Фото: Тұрар Қазанғапов/ҰОК

Айта кетейік, кеше Демеу Жадыраев финалда жапониялық Нао Кусакадан 5:2 есебімен ұтылып, Париж Олимпиадасының күміс жүлдесін қанағат тұтты.

Грек-рим күресінен ұлттық құраманың бас бапкері Юрий Мельниченко жарыстан кейін Демеу Жадыраевтың финалдағы белдесуі жайында пікір білдірді.

Фото: Тұрар Қазанғапов/ҰОК

Оның айтуынша, Жадыраевқа аздаған ептілік жетпей қалған. 

Демеудің өзі де еліне алтын сыйлағысы келгенін, алайда соңғы сәтте жауапкершілік жүгі ауырлап, жеңісті уысынан шығарып алғанын айтып ағынан жарылған болатын.