Фото: ашық дереккөз
2023 жылы спорт және дене шынықтырумен айналысатын ерекше қажеттіліктері бар адамдар саны 56 822-ні құрады. Бұл туралы бүгін ҚР Туризм және спорт министрлігініңбаспасөз қызметінен мәлім болды.
Министрлік таратқан деректерге қарағанда, 10 күннен кейін Парижде XVII Жазғы Паралимпиада басталады. Бұл жолы Қазақстан құрамасы рекордтық жолдамаға ие болды.
"Біздің құрама спорттың 9 түрінен (паражүзу, пара пауэрлифтинг, пара жеңіл атлетика, пара каноэде есу, пара таэквондо, волейболды отырып ойнау – ерлер, пара ату,пара үстел теннисі, пара дзюдо) 33 лицензия иеленді. Жалпы 44 спортшы Парижге барады. Айта кету керек, каноэде есу (әйел), үстел теннисі және волейболды отырып ойнаудан алғаш рет лицензия жеңіп алдық", - делінген хабарламада.