28 шіл, 2024 сағат 21:42

Париж Олимпиадасындағы жанжал: ұйымдастыру комитеті ашылу рәсіміндегі олқылық үшін кешірім сұрады


Олимпиада ашылуындағы қойылым католиктерді және басқа діни топтарды "ренжітті". Бұл Леонардо да Винчидің "Жасырын кешкілік" шығармасына ұқсатып жасалған көрініске қатысты мәлімдеме.

Коммуникациялар директоры Анн Дескамп журналистерге олардың "ешқандай діни топқа құрметсіздік көрсетуді мақсат етпегенін" мәлім етті. 

"Әрине, ешқандай діни топқа құрметсіздік көрсетуді мақсат етпегеніміз анық. Керісінше, Том Жолли қоғамның төзімділігін атап өткісі келді деп ойлаймын, бұл оның сөздері мен аудиторияның санына қарағанда, бұл мақсатқа жеттік. Егер біреуді бұл ренжітсе, әрине, біз өте қатты өкінеміз", - деді Дескамп.



Бұған дейін ашылу рәсімінің ең үздік сәттерінің видеосы Олимпиада ойындарының Youtube-тегі арнасынан өшірілген болатын. 

Ашылу рәсімінен кейін желіде ұйымдастырушылар кейбір нөмірлер үшін сынға қалған, ең үлкен сынға Исаның 12 шәкіртін ойнаған дрэг-квиндер мен грек құдайы Дионисті бейнелеген әртіс шыққан нөмір іліккен. Христиан ұйымдары, діни қайраткерлер және кейбір саясаткерлер оны қорлау деп бағалаған.