15 ақп, 2024 сағат 18:06

Париж Олимпиадасында «алтыннан» үміт бар ма – министр жауабы

Сурет: Kazinform

Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев қазақстандық спортшылардың Париж Олимпиадасына лицензия ұту қарқыны тым төмен екенін айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" "ҚазАқпарат" Халықаралық агенттігіне сілтеме жасап.

«Париж Олимпиадасы жақындап қалды. Тым болмағанда бір «алтыннан» үміт бар ма?» - деп сұрады журналист.


Министр бұл сұрақтың жауабы қиын екенін айтады.

«Ол жағынан айту өте қиын. Қазіргі басты бір міндетіміз – лицензия алу. Өкінішке қарай, бүгінде 8 спорт түрінен 19 лицензия бар. Бұл өте аз. Мысалы, Токио Олимпиадасының алдында бізде 15 спорт түрінен 30-дан астам лицензия болған. Үміттенеміз, әлі лицензия сарапқа салынатын 70 турнир бар. Сондықтан тырысып жатырмыз. Бокс, күрес, ату спорты, велоспорт сияқты сайыс түрлерінен медаль болады деп үміттенеміз», - деді Ермек Маржықпаев.