Фото: titan24.com
ҚР Туризм және спорт министрлігі алдағы Париж Олимпиадасының еліміз үшін қандай ерекшеліктері барын айтты.
- 1. Қазақстан 8-ші мәрте жазғы Олимпиадаға қатысып және Еуропа құрлығында үшінші рет (Афина, Лондон, Париж) бақ сынайды.
- 2. Әзірше Қазақстаннан 70 спортшыда 80 лицензия бар.
- 3. 45 спортшы бірінші рет жазғы Олимпиадаға қатысады.
- 4. Ең көп 10 боксшымыз Олимпиада жүлдесіне таласады.
- 5. Париж Олимпиадасына баратындардың ішінде ең тәжірибелісі — 31 жастағы Владислав Яковлев (академиялық ескек есу). Бұл спортшы 2012 жылғы Лондон Олимпиадасынан бері тұрақты түрде қатысып келеді.
- 6. Париж Олимпиадасына баратындардың арасынан бұған дейін жүлде алғандар:
Сәкен Бибосынов — Токио Олимпиадасының қола жүлдегері
Қамшыбек Қоңқабаев — Токио Олимпиадасының қола жүлдегері - 7. Ең көп жүлде иегері:
Елдос Сметов — Рио және Токио Олимпиадасының жүлдегері - 8. Ең жас спортшы — 17 жастағы Батырхан Төлеуғали (таеквондо)
- 9. Ең егде спортшы — 37 жастағы Эльмир Әлімжанов (семсерлесу)
Олимпиаданың іріктеу кезеңдері әлі мәресіне жетпеді.