Сейсенбі, 30 шілдеде Париждегі жазғы Олимпиада ойындарында Қазақстан құрамасы спортшыларының сынға шығу бағдарламасы жасалды.
12:00 – Әйелдер арасында мылтық ату, біліктілік, бірінші күн. Қазақстанның атынан Мария Дмитриенко шығады.
13:00 – Дзюдо, 1/16 финал. Ерлер арасында 81 келіге дейінгі салмақта Абылайхан Жұбаназар венгриялық Аттила Унгваримен күш сынасады.
Әйелдер арасында 63 келіге дейінгі салмақта Эсмигүл Куюлова автриялық Любьяна Пиовесанаға қарсы шығады.
19:18 – Бокс, 1/8. Ерлер арасында 80 келіге дейінгі салмақта 1/8 финалда Нұрбек Оралбай австралиялық Каллум Петерспен жұдырықтасады.
22:03 – Ерлер арасында садақ ату, 1/32 финал. Қазақстандық Ильфат Абдуллин канадалық Эрик Петерспен бақ сынасады.
23:00 – Бокс, 1/8. Ерлер арасында 51 келіге дейінгі салмақта 1/8 финалға Сәкен Бибосинов шығады. Оның қарсыласы – түркиялық Сәмет Гумус.