Токиодағы Паралимпиадалық ойындардың ашылу салтанатында Ауғанстан туын волонтерлер алып жүрді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Кyodo агенттігіне сілтеме жасап.
Халықаралық Паралимпиадалық комитет ауған спортшыларымен және ойынға келмеген Орталық Азия елдерінің өкілдерімен «ынтымақтастық» ретінде БҰҰ Босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы Комиссарының өкілі туды Ұлттық стадионға апарады деп үміттенген еді.
IPC төрағасы Крейг Спенс рәсімге бірнеше сағат қалғанда өткен баспасөз мәслихатында комитет БҰҰ агенттігінен еріктінің туды алып жүргенін қалайтындығы туралы жауап алғанын мәлім етті. Себебі бұл - «бейтарап ұйым».
Осы айдың басында тәліптер елге бақылауды қалпына келтіргеннен кейін ауған спортшылары жарысқа қатыса алмады.
Спенс коронавирустан туындаған қиындықтарға қарамастан, осынау спорт бәсекесінде рекордтық көрсеткіш - 4,403 спортшы болатынын, ал мұның «үлкен жетістік» екенін жеткізді.