25 там, 2021 сағат 19:24

Паралимпиадалық ойындар: Жапонияның 14 жасар жүзгіші күміс олжалады


Миюки Ямада сәрсенбі күні Токиодағы Паралимпиада ойындарында қабылдаушы елдің бірінші медалін жеңіп алды. Ол Жазғы ойындар тарихында мінберге көтерілген ең жас жапондық атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Kyodo агенттігіне сілтеме жасап.

Ямада S2 санатында әйелдер арасындағы 100 метрге арқада жүзуден күміс медаль жеңіп алды. Ол мәреге 2 минут 26,18 секундта жетті. Қазіргі паралимпиада чемпионы және әлем чемпионы сингапурлық Ип Пин Сюдан 9,57 секунд кейін келді. 

Ал мексикалық Фабиола Рамирес қола медаль еншіледі.

Ямаданың 2 қыркүйек күні 50 метрге арқада жүзуден екінші медаль жеңіп алу мүмкіндігі бар.