06 нау, 2022 сағат 11:20

Паралимпиада: Ту ұстап шыққан спортшымыз шаңғы жарысында жетінші болып келді


Бейжіңде Паралимпиада ойындарында ерлер арасында шаңғымен отырып жарысатын сайыс өтті, оған үш қазақстандық атлет қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Қытайлық Чжень Пэн жеңімпаз атанды, оның отандасы Мао Чжон У «күміс» жүлдеге ие болды, үшінші орынды канадалық спортшы Коллин Кэмерон еншіледі. 

Қазақстаннан ұлттық құраманың ту ұстаушысы Ербол Хамитов үздік нәтиже көрсетіп, жетінші болып келді ( +6:13.9 қалды). 

Юрий Березин мен Денис Петренко сәйкесінше соңғы болып жетті - 24-ші және 25-ші орындар.


Қысқы Паралимпиада ойындары Бейжіңде 4 наурызда басталған, 13 наурызға дейін жалғасады.

Оған 50 елден 700-ден астам спортшы қатысып жатыр. 

Қазақстаннан екі спорт түрінен - биатлон мен шаңғы жарысынан 5 паралимпиада спортшысы сайысқа түсуде.