Қазақстандық паратаэквондошы Нұрлан Домбаев Токиодағы Паралимпиада ойындарында алғашқы кездесуін өткізді, деп хабарлайды Sports.kz.
75 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынасқан отандасымыз ширек финалда аргентиналық Хуан Самораномен кездесіп, 27:25 (15:11, 6: 5, 4: 9, 2: 0) есебімен жеңіске жетті. Осылайша, ол негізгі тордағы кездесуді жалғастырады, ал Саморано жұбаныш жекпе-жектеріне қатысады.
Айта кетейік, аталған ойындарда Домбаев еліміздің паралимпиадалық құрамасының туын көтеріп шыққан болатын.
Бүгін тағы бір қазақстандық таеквондошы Камиля Досмалова бірінші жекпе-жекте сербиялық қарсыласынан жеңіліп қалды, алайда жұбаныш раундының ширек финалына жолдама алды.