Қазақстандық Александр Герлиц Паралимпиада-2022 ойындарында шаңғы жарысында үздік бестікке кірді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.
Герлиц бірінші келген қытайлық қатысушы Ван Шеняннан екі минутқа қалып қойды. Екінші болып франциялық Бенджамин Девье, үшінші болып қытайлық тағы бір спортшы - Кай Жиюн келді.
Қазақстандық Александр Герлиц турнир фавориттерінің бірі - канадалық Марк Арендцті басып озды. Солтүстік америкалық спортшы Герлиц сияқты биатлонда да өнер көрсетті, оның қоржынында алтын бар.
Айта кетейік, кезекті бесінші орын қазақстандыққа жүлде төлемдерін тағы 10 мың долларға (бес миллион теңгеден астам) арттыруға мүмкіндік берді.
Еске салайық, бұған дейін Герлиц Бейжің-2022 ойындарында Қазақстан қоржынына алғашқы медаль әкелген болатын.
1228 рет оқылды