Александр Герлиц. Фото ©Reuters
Қазақстандық биатлоншы Александр Герлиц Паралимпиада-2022 ойындарындағы қола жүлдесі үшін 38 миллион теңге алады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.
Александр Герлиц 10 шақырым (LW6) қашықтықта бақ сынап, үшінші болып келді. Бас жүлде канадалық Марк Аренаға бұйырса, екінші орынды украиналық Григорий Вовчинский иеленді.
Осы жеңісі үшін қазақстандық спортшы мемлекеттік бюджеттен 75 мың доллар немесе 37 миллион 700 мың теңгеге жуық сыйақы алады.