15 қар, 2023 сағат 18:09

«Пара ретінде үй алған»: Астанада басқарма басшысы қамауға алынды

Фото: depositphotos.com

Астана қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Отын-энергетика кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының қылмыстық әрекетін тоқтатты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Ол Астанада кәріз тазарту құрылыстарын салу жөніндегі жұмыстарды жеткізушіні айқындау және бір көзден алу тәсілімен шарт жасасу кезінде оның мүдделерін алға тартқаны үшін жеке компания басшысынан қала сыртындағы үй түрінде ірі көлемде пара алды деп күдіктенеді.

Соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр" - делінген хабарламада.

Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды. Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.