28 қар, 2016 сағат 08:37

Өзбекстанда ажырасуға тыйым салынады

- Өзбекстанда ажырасуға тыйым салынады.

Ташкенттің сот қазыларына балалары бар жанұяларды ажырастырмауға бұйрық берілді. Бұл туралы «Озодлик» порталы хабарлады.

Бұл бастама Ташкент әкімі Рахманбек Османовтың баяндамасынан кейін қолға алынды. Ол 13 қазан күні жасаған мәлімдемесінде: «Ташкенттік басшылардың ең басты мақсаты - бұл ажырасуларды азайту» деген болатын.

Жұбайлар ажырасуға өтініш бергеннен кейін тиісті өтемақыларын төлейді. Одан кейін махалла комитеті мен әйелдер комитетінің өкілдері олармен жұмыс жасайды. Егер де араларында балалары болса, онда алдымен жарты жыл беріледі. Содан соң тағы да соңғы әрі нақты шешім қабылдау үшін 3 ай беріледі. Бірақ, сот шешімінің қашан қабылданатыны айтылмайды» делінген.

Сондай-ақ, Ташкенттік басшылар ажырасумен күрес мақсатында телеэфирден ажырасқандардың аты-жөнін атап отыруды жөн көріпті. Ал егер бұдан да нәтиже шықпаса, онда олардың суреттерімен бірге көрсететіндіктерін мәлімдеді, деп жазады muslim.kz.