21 ақп, 2024 сағат 16:25

Өзбекстан құрамасының бапкері Қазақстан боксы жайлы ойын айтты


Бокстан Өзбекстан құрамасының бас бапкері Тулкин Киличев Қазақстан құрамасындағы әріптесі Мырзағали Айтжанов туралы ойын айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

"Мырзағали ағамыз – әлемдегі мықты жаттықтырушының бірі. Ол Қазақстан құрамасының тізгінін алғаш ұстағанда әлемдік бокста Украина атойлап тұр еді ғой. Сол кезде украиналықтарға лайықты бәсекелестік танытып, екпінін басқан дәл осы Қазақстан боксшылары еді. Мен ол уақытта бапкерлік жұмысқа енді кірісіп, Шыршық құрамасын жаттықтыруды қолға алған едім. Мырзағали ағадан, Марат Жәкиевтен білмегенімді сұрап, ақыл-кеңес алып тұратынмын.

Жас болған соң, кейде төрешілердің әділетсіздігіне шыдамай ширығып шыға келетін едік. Сондай кезде Мырзағали ағамыз «Тулкин, айқайлағаннан ештеңе шықпайды. Олар шешімін енді өзгертпейді. Сондықтан шәкірттеріңді бұдан да мықты етіп да­йында. Ашуға ерік берсең, ұзамай-ақ ­таусылып тынасың. Алдағы уақытта мұндай әділетсіздіктің талайын көресің», дейтін. Қарап отырсам, Мырза бапкер дұрыс айтқан екен. Одан кейін де талай дүние бастан өтті ғой.", - дейді Киличев "Егемен Қазақстан" газетіне сұхбатта.