Риодағы Олимпиада ойындарында күтпеген нәтиже көрсеткенін естіген қытайлық жүзгіш қыздың қуанышы Интернетті жарды, - деп хабарлайды РИА Новости.
Қытайлық жүзгіш Фу Юаньхуэй 100 метрлік қашықтыққа өзі ойлағандай 59 секундта емес, одан жылдамырақ, 58,95 секундта жүзіп өткен. "Мен осындай шапшаң бола аламын ба?", - деп қуанышын білдірді спортшы қыз. Расында да Фу Юаньхуэйдың жарыстан алған әсері Интернетті жаулап алды.