28 қар, 2017 сағат 18:28

Отырарда Е-gov "электрондық үкімет" порталының түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Аудан тұрғындарының заман ағымына сай ақпараттық технологиялармен танысуы бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі болып отыр.

Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаhандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына арналған Жолдауында мемлекеттік қызметтер көрсету үдерісін мейілінше оңтайландыруға, адам өзінің баруын қажетсінбейтін қызметтерді толығымен электрондық форматқа көшіруді міндеттеді. Бүгінгі таңда Елбасымыз алға қойған міндеттердің бірі - елімізде қолға алынған Е-gov "электрондық үкімет" порталы арқылы көптеген көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді үйден шықпай-ақ алуға мүмкіндік туып отыр.

Осындай мақсатта Отырарда аудан әкімі Ерлан Айтахановпен бекітілген кестеге сәйкес насихаттық топ ауыл округтері мен мемлекеттік мекемелерді аралап, түсіндіру жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлайды Ұлт.кз тілшісі.

Отырар аудандық Әділет басқармасының басшысы Мұрат Қасымбаев, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалы - «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің Отырар аудандық бөлімінің басшысы Есенгелді Бөлебай, аудан әкімі аппараты ақпараттық қауіпсіздік және мемлекеттік қызмет көрсету бөлімінің басшысы Шохан Жамалханов, ауыл округі әкімдерінен құрылған топ Шәуілдір, Отырар, Қоғам, Талапты ауыл округтерімен қатар, Д.Құрманбек атындағы №20 колледжінде, Ш.Қалдаяқов мектебінде кездесу өткізді.

Сонымен қатар, насихаттық топ мүшелері І топ мүгедегі А.Избанова, ІІ топ мүгедегі Б.Жарқынбектердің үйлерінде болып, мол мүмкіндіктерді алудың оңай жолын көрсетіп берді.

Тұрғындар арасында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің барынша автоматтандырылып, оңтайландырылған қызметтің артықшылықтары тұрғындар арасында кеңінен насихатталмақ.