12 там, 2021 сағат 21:50

Өскеменде із-түзсіз жоғалған қызды тапқан 10 жасар балалар марапатталды


Өскемен қаласындағы Ольга Рыпакова атындағы жеңіл атлетика манежіндегі бапкер Павел Кукин өңірде жеңіл атлетиканың қалай дамып жатқанын айтып берді, деп хабарлайды "ҚазАқпарат".

«О.Рыпакова атындағы жеңіл атлетика манежінде бапкер болып еңбек етіп жүргеніме 8 жылдай болды. Осы уақыт көлемінде жастарды бұл спорт түріне баулып, көрген-білгенімді үйретіп келемін. Жалпы өңірімізде жеңіл атлетика жақсы қарқынмен дамып келе жатыр деуге болады. Жерлесіміз Олимпиада чемпионы атанғаннан кейін облыста осы бағытқа көп көңіл бөліне бастады», - дейді Павел Кукин.

Оның айтуынша, аймақта спортшыларды дайындауға мүмкіндік беретін жақсы база қалыптасқан. Манежде жеңіл атлеттер қажетті жаттығулардың барлығын жасай алады. 

«Енді бір ашық алаңда стадион болса дейміз. Қазір қаладағы «Шығыс» стадионында реконструкциялау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бәрі ойдағыдай болса, сол жақта жаттығуға мүмкіндік алсақ деп отырмыз. Сондай-ақ облыста жасөспірімдер спортына ерекше назар аударылған. Болашағынан зор үміт күттіретін жас спортшыларымыз республикалық, азиялық бәсекелерде биік шыңдардан көрініп жүр. Сондықтан Шығыс Қазақстанда жеңіл атлетика тұралап қалды деуге еш негіз жоқ», - дейді бапкер. 

Өскемендегі жеңіл атлетика манежінде 600-ге жуық бала жаттығады. Алайда коронавирус пандемиясы басталғалы бері олардың саны біршама азайып кеткен. 

«Үйірмеге 9-10 жастағы балалар қабылданады. Бапкерлер оларды сабақ кестелеріне сәйкес бірнеше топқа бөліп дайындайды. Ал бойында ерекше қабілеті барларды және жақсы нәтиже көрсеткендерді бөлек іріктеп, жеке дайындық кестесін құрамыз», - деді Павел Кукин.