08 қыр, 2024 сағат 18:21

Өскемен халқы Демеу Жадыраевқа ат мінгізді

Өскеменде Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Демеу Жадыраевтың қатысуымен жаңа футбол алаңы ашылды.

Ақпарат Өскемен қаласы әкімдігінің Instagram-дағы ресми парақшасында жарияланды.

Защита ықшам ауданындағы футбол алаңының ашылу салтанаты кезінде Олимпиада жүлдегеріне және бапкеріне қала тұрғындарының атынан ат сыйланып, шапан жабылды.

Алаңның алғашқы матчы "Алтай Жастар" футбол командасы мен "Өскемен" құрамасының арасында өтті.