Фото: ҰҚК
Ұлттық қауіпсіздік комитеті OrdaMed басшысы Еркін Ділімбетовті іздестіріп жатыр, деп хабарлайды Ult.kz.
Кәсіпкерге іздеу жарияланғаны туралы құқықтық статистика органдарының деректер базасында көрсетілген.
Бұған дейін Ділімбетовке тиесілі OrdaMed компаниясы мемлекетке 4,5 млрд теңге көлемінде зиян келтірді деген күдікке ілінді.
Тергеу нұсқасына сәйкес, компания медициналық жабдықты отандық өнім ретінде сатқан, ал шын мәнінде оны шетелден әкеліп, жалған құжаттар пайдаланған.
OrdaMed — Қазақстанда медициналық техника мен жабдықтарды жеткізумен айналысатын компания.
