01 қар, 2016 сағат 22:46

Оралдан олжамен оралдық

Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театры, 22-28-қазан күндері Орал қаласында Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында, ақын, драматург Иран Ғайыптың шығармаларын насихаттауға арналған «Мәңгілік елдің алтын адамы» атты республикалық театр фестивалін өткізді.

Аталған фестивальге ат артып Шығыс Қазақстан облысы атынан Семейдің Абай атындағы мемлекеттік қазақ музыкалық драма театры қатысып қайтты.

 Фестивальге қатысуға театр ұжымдарының соңғы үш жылда қойылған, көркемдік деңгейі жоғары Иран Ғайыптың шығармаларын сахналау талабы қойылған болатын. Осыған орай Абай театрының ұжымы,  Иран Ғайыптың туындысы, Ерсайын Төлеубай  режиссерлік еткен «Адасқан бақ құсы» спектаклін бәйгеге қосты. Орал халқының қошеметі мен ризашылығына бөленді. Спектакль жоғары деңгейде өтті.

Республиканың әр жерінен келген театр ұжымдары, жоғары дайындықпен келгендерін, көркемдік деңгейлері де, әртістері де талантты екенін дәлелдеп жатты. Батысқа,  күн шыққан шығыстан барған театр тарландары құр алақан қалған жоқ. 
ҚР мəдениет қайраткері Баурыжан Халықұлы Төлеков " Ең үздік ер адам" номинациясын, Қазақстанның мəдениет қайраткері Бақыт Тойымбаева "Маңгiлiк елдiң Алтын адамы" номинациясын женiп алды! 

Алысқа арнайы барған еңбек ақталып, театр ұжымы табыспен оралды. Елдің намысын ту еткен театр ұжымын құттықтаймыз!

Мерей Қартов,

Әдеби бөлімнің меңгерушісі