Сурет: pixabay
Павлодар облысының прокуратурасы "Қуатты өңірлер - ел дамуының драйвері" Ұлттық жобасын іске асыру аясында (азаматтарды оңтүстік аймақтардан солтүстіктегі халқы аз елді мекендерге қоныстандыру) бөлінген бюджеттік қаражатты ұрлау фактілерін анықтады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Павлодар облысының прокуратурасына сілтеме жасап.
Бюджет қаражатын иемденудің тұтас схемасы жасалған, оның ішінде шығынның жартысын алу үшін үйлердің құнын 8 миллион теңгеге дейін жасанды түрде көтерген (үй сатып алу үшін 50% өтеледі, бірақ 4,2 миллион теңгеден аспайтын). Іс жүзінде қараусыз қалған үйлер 500 мың теңгеден бастап сатып алынған.
Салдарынан қоныс аудару тек қағаз жүзінде ғана орындалады, халық көшіп кеткендіктен, облыста 59 елді мекен жойылған.
6 ауданның өзінде 600 млн теңгеге шығын анықталған.
Прокуратура тексеріс материалдарын Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 4-бөлігі бойынша СДТБТ-де тіркеді, тергеу амалдарын арнайы прокурор жүргізіп жатыр.
Тексеру жалғасып жатыр.
Айта кетейік, жалпы бұл жобаны қаржыландырудың жалпы көлемі - 7,6 трлн теңге.