14 шіл, 2017 сағат 02:18

Оңтүстікте жаңа су электр станциясы іске қосылды

Оңтүстік Қазақстан облысындағы Сайрам ауданында «Манкент» шағын су электр станциясы іске қосылды, "Ұлт ақпарат".

Халықты тұрақты әрі сапалы электр энергиясымен қамтитын су электр станциясының ашылу салтанатына облыс әкімі Жансейіт Түймебаев пен «Ақсу-Энерго» ЖШС директоры Анарбек Орман қатысты.

Оңтүстікте жаңа су электр станциясы іске қосылды

«Ақсу Энерго» ЖШС-нің бұл жобасы «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында қолдау тапқан. Бұл станция жылына 2,5 МВт электр қуатын өндіруге қауқарлы. Жоба құны 283 млн теңге болатын кәсіпорында 6 адам жұмыспен қамтылған.

Оңтүстікте жаңа су электр станциясы іске қосылды

Облыста күн, жел, су энергиясының әлеуеті жоғары екенін айтқан әкім, дәстүрлі энергия көздерімен қатар, жаңа энергетиканы да дамыту қажеттігін атап өтті.

Оңтүстікте жаңа су электр станциясы іске қосылды

– Өздеріңізге белгілі, биыл Астана қаласында «Болашақ энергиясы» тақырыбында ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі өтіп жатыр. Әлемдік деңгейде өткізіліп жатқан ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі техникалық жетістіктермен, жаңғырмалы энергия көздерінің молдығымен, ғылымға ұмтылудың маңыздылығымен бүкіл әлемнің назарын аударуда. Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев 2050 жылға дейін жаңғырамалы энергия үлесін 50 пайызға дейін көбейтуді қамтамасыз етуді тапсырды. Бүгінгі іске қосылған электр станциясы таза электр энергия өндірумен қатар, энерго ресурстарды үнемдеуге бағытталған, – деді Жансейіт Түймебаев.

Оңтүстікте жаңа су электр станциясы іске қосылды

Жалпы, “жасыл” экономикаға көшу жөніндегі тұжырымдамаға сәйкес, Сайрам ауданында 2 жоба іске қосылып отыр. «Ақсу Энерго» ЖШС-2014 жылы күн нұрынан электр қуатын өндіретін қуаттылығы 1МВт болатын «Ақбай» электр станциясын іске қосқан болатын. Құны 300 млн теңге болатын электр станциясы 2016 жылы 987,166 МВт энергия өндірген.

Оңтүстікте жаңа су электр станциясы іске қосылды

Екі жоба толық қуатта жұмыс істегенде ауданның энергия көзіне деген сұранысының алтыдан бірін қамтитын болады.